Республикада ақбөкендердің саны 81 мың басқа жетті

АСТАНА. Қаңтардың 18-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Өткен жылы ақбөкендердің саны 32,7 пайызға өсті.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен алқа мәжілісінде Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, инспекциялық қызметтердің жұмысын жандандыру есебінен сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарларды қорғау бойынша шаралар айтарлықтай жақсара түсті. «Атап айтқанда, өткен жылы ақбөкендердің саны 32,7 пайызға артып, 81 мың басқа жетті. Бұл өз кезегінде олардың табиғи түрде көбеюіне қолайлы жағдай тудырып отыр»,- деді А. Күрішбаев.