Сондай-ақ тағы 368 бұрын жасалған қылмыстар ашылып, іздеуде жүрген 67 күдікті қолға түскен. Ал тәркіленген атыс қаруларының саны 8. Бұл туралы бүгін журналистермен болған апталық брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның деректеріне қарағанда, өткен аптада республикада есірткімен байланысты 152 қылмыс анықталған. Оның 53-сы есірткіні саудалауға қатысты болып отыр. Заңсыз айналымнан 37 келі есірткі алынды. Оның 590 грамы - героин.