Кей жерлерде қар жауады, Қазақстанның оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Тек республиканың қиыр батысы ғана антициклонның ықпалында болады.
Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде боран соғады, желдің күші секундына 15-20 метр болады.
Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, желдің күші секундына 15-20 метр болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.