Республикада бір тәулік ішінде 6 адам суға батып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бір тәулік ішінде республикада 6 адам суға кетті, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК.

Алматы қаласы Медеу ауданы «Горельник»  шатқалында 1998 жылы туған   азамат абайсызда сарқырамаға құлап кетті, оны ТЖК «ӨЖҚЖ» ММ күштері құтқарып, одан әрі ауруханаға жеткізу үшін ТЖК «АМО» бригадасына табыстады.

СҚО Тимирязев ауданында Ақсуат ауылына жақын жерде, қазаншұңқырда,  шомылуға арналмаған жерде 1987 жылы туған азамат суға батып кетті.

БҚО Теректі ауданы Ақжайық кентінде Жайық өзенінде, шомылуға арналмаған  орында 2 адам суға кетті.

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Қараөзек арнасында шомылуға арналмаған орында 1985 жылы туған азамат суға батып кетті.

Ақмола облысы Целиноград ауданында Есіл өзенінде шомылуға арналмаған орында 1999 жылы туған азамат батып кетті.

БҚО Орал қаласында  С. Киров атындағы мәдениет және демалыс саябағында шомылуға арналмаған орында 2006 жылы туған қыз батып кетті.

ТЖК азаматтарға шомылу маусымы кезеңінде су қоймаларында қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.