АСТАНА. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат - Республикада, сәуірдің 12-16-сы аралығында «Қару-2010» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлады Көліктегі орталық ішкі істер департаментінен.
Іс-шараның алғашқы күнінде Қостанай стансысының темір жол вокзалында 25 жастағы қостанайлық тұрғын ұсталып, одан 16-ші калибрлі аңшылық шолақ мылтығы алынды.
Тәркіленген қаруға сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жас азаматтың аталған қаруды қандай мақсатта алып жүргендігін анықтау үстінде.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.