Республикада «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

АСТАНА. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат - 2010 жылдың 9 айы ішінде республика жолдарында 8286 жол-көлік оқиғалары (ЖКО) тіркеліп, онда 1937 адам қаза тапты және 9632 адам жарақат алды. 2009 жылдың осындай кзеңімен салыстырғанда оқиғалар саны 5,6% (-495) азайды, қаза тапқандар саны 4,5% (-91) және жарақат алғандар саны 6,7% (-695) азайды.

Алайда, апаттылықтың негізгі көрсеткіштерінің азайғанына қарамастан елімізде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету қиын болып қалуда, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ІІМ Жол полициясы комитетінің баспасөз қызметі.

Жол қозғалысы ережелерінің (ЖҚЕ) талаптарын сақтауға жол полициясының қадағалауын күшейту, бұл ЖКО ескертудің бірден-бір тиімді әдісі болып табылатынын тәжірибе көрсетті.

Осыған байланысты, жолдарда апаттылықтың жай-күйін одан әрі тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ 2010 жылғы қазанның 18-і мен 25-і аралығында жалпыреспубликалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде, делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Жолдарда жол полициясы жасақтарының саны көбейтілді, жеке құрамның жұмысы ЖКО-ның болуына соқтыратын ЖҚЕ-ны ең қауіпті бұзушылықтарды айқындау мен жолын кесуге бағытталған.

Операцияны өткізудің алғашқы бір күнінің ішінде ЖҚЕ-ны 10945 бұзушылық айқындалды. 325 жүргізушілер көлікті мас және есірткіге масаң күйде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жылдамдық тәртібін асырғаны үшін 1903 жүргізушілерге, қарсы жолдың бағытына шыққаны үшін 227 жүргізушіге айыппұл салынды, көлік құралдарын тиісті құжаттарсыз басқарудың 757 фактісі айқындалды. ЖҚЕ мен көлікті пайдаланудың жолаушылар көлігінің жүргізушілерімен жасалған 431 бұзушылығы, мемлекеттік жеңіл көліктің жүргізушілерімен жасалған 239 бұзушылығы анықталды. Сондай-ақ іс-шараны өткізу кезінде ЖҚЕ бұзғандағы үшін 442-ге жуық жаяу жүргіншілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.