«Соңғы 10 айда Республикада өндірілген электр энергиясының көлемі 14,8 млрд. кВтс құрады. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 2,9 пайызға көп. Сонымен қатар электр энергиясын тұтыну - 73,1 млрд. кВтс болған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3%-ға аз», - делінген хабарламада.
Электр энергиясын асыра өндірген өңірлерден Жамбыл облысын (132,2%), Қарағанды облысын (108,8%), Атырау облысын (108,5%), Солтүстік Қазақстан облысын (108,2%), Алматы облысын (108,2%) атап өтуге болады. Керісінше электр энергиясын ең аз өндірген облыстардың қатарында: Шығыс Қазақстан облысы (96,2%), Қостанай облысы (95,2%), Оңтүстік Қазақстан облысы (82,3%) бар.