Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында, күндіз Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жел күшеюі мүмкін.
Қызылорда облысында, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында 15-20 м/с-ке дейін жел, шаңды дауыл тұрады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болуы ықтимал. Республикамыздың батысында, оңтүстігінде және орталығының кей жерлерінде шамадан төтенше өрт қаупі сақталуда.