деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Жол полициясы комитеті таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
Үстіміздегі жылдың 9 айында республикамыздың жолдарында 8 781 жол-көлік апаты орын алып, онда 2028 адам қаза тапқан және 10 327 адам жарақат алған. Бұл көрсеткіш 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сегіз жүз апатқа аз, ал қаза тапқандар саны 17,8%-ға, жарақат алғандар саны 9,5% кеміді.
Осы орайда айта кетелік, жолдарда апаттық жағдайларды және құқық бұзушылықтарды азайту мақсатымен елімізде 12- 18-ші қазан аралығында «Жол қозғалысының қауіпсіздік апталығы» жедел-алдын алу шарасы өтуде. Шара аясында жол қозғалысы күшейтілген бақылауға алынып, кең көлемде түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстары қолға алынды.
Жол полициясының мәліметтеріне сүйенсек, апталықтың алғашқы үш күні ішінде жол қозғалысы ережесін бұзған 27 мыңнан астам оқиға тіркелген. Соның ішінде 1046 жүргізуші көлікті спиртті ішімдік ішіп жүргізгені үшін жауапқа тартылып, 6 мың көлік иесіне жылдамдық режимін асырғаны үшін айыппұл салынды, 495 автокөлік жүргізушісінің қарсы бағыттағы жолға шығып кеткендігі анықталды. Бұған қоса тиісті құжатсыз көлік жүргізудің 2 мыңнан астам жағдайы тіркелді.