Республикадағы гидротехникалық құрылыстардың тек 1,4% автоматтандырылған

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандағы 3 654 гидротехникалық объектінің тек 52-сі ғана толық автоматтандырылған. Бұл туралы «Ашық» НҚа порталында жарияланған Су кодексі жобасының тұжырымдамасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылы республикалық меншіктегі су шаруашылығы объектілерінде жұмыстық автоматтандыру деңгейі су қоймаларының 6%-ын (87-нің 17-сі), бөгеттер мен су тораптарының 9%-ын, магистральдық арналардың 0,5%-ын (2 бірлік) және шаруашылықаралық арналардың 0,4%-ын (2 бірлік) құрады. Гидротехникалық құрылыстардың 3654 объектісінің тек 52-сі ғана толық автоматтандырылған (1,4%), ал жерасты суларына мемлекеттік желінің бақылау пункттері мүлдем автоматтандырылмаған», - деп жазылған тұжырымдамада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Балқаш көлі де Арал сияқты экологиялық апат аймағына айналуы мүмкін екенін хабарлап едік.