Республикалық этно-фестивальде «Шолпы тағу» дәстүрі көрсетілді

Фото: Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM – «Бозоқ» музей-қорығында республикалық этно-фестиваль ұйымдастырылды.

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында республикалық этно-фестиваль өтті. Іс-шара барысында көпшілік назарына «Шолпы тағу» дәстүрі көрсетілді. 

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Фестивальге мемлекеттік органдар өкілдері, ғалымдар, археологтар, этнологтар, оқытушылар мен студенттер қатысты. Қонақтар ұлттық дәстүрлерді тамашалап қана қоймай, өздері де қатысып, салт-дәстүрдің насихатталуына атсалысты. 

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР МАМ Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова мәдени мұраның сақталуы халықтың тәрбиесі мен біліміне айтарлықтай әсер ететінін атап өтті.

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
«Мемлекет басшысы материалдық және материалдық емес мәдени мұраны сақтауға көп көңіл бөледі. Рухани мұра – мемлекет құндылықтарының бірі. Әлемдік тәжірибеде мәдени мұра аса маңызды әлеуметтік функциясы бар мәдениеттің бір бөлігі ретінде қабылданады», – деп атап өтті Күміс Сейітова.
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Бойжеткен қыздар тағатын шолпы мен шашбау әшекейлері тек сәндік тұрғыда қолданылмайды, оның қазақ мәдениетіндегі мәні мен маңызы өте терең.