Ал, бұл өз кезегінде инфрақұрылым үшін аса қауіпті. Көктемгі кезеңге дайындық қызу жүргізілуде: 535 бірлік су өткізгіш құбыр, 22,2 мың текше метр құм және 7,9 мың қап дайындалды.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жол қызмектерлері тәулік бойы жолдарды патрульдеп жүр, көктем жақындап, еліміздің бірқатар өңірінде күн күрт жылынғандықтан, жауын-шашынның мөлшері туралы мәліметті жіті басты назарда ұстауда.
«Басты мақсат — жүргізушілер мен жолаушылар үшін жолда қауіпсіз қозғалысты ұйымдастыру», — делінген ведомство ақпаратында.