Республикалық жолдарға қатысты өтінімді көп беретін өңірлер аталды
АСТАНА. KAZINFORM — Республикалық жолдарға қатысты ең көп хабарламалар Ақмола, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан келіп түсті, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.
2025 жылғы 14-20 сәуір аралығында 1403 байланыс орталығының операторлары республикалық жолдарға қатысты 9 мыңға жуық өтінімді қабылдап, өңдеді.
Байланыс орталығының базасында азаматтарға қолайлы әрі жедел ақпарат беру үшін интерактивті дауыстық меню (IVR) жүйесі іске қосылды. Осы жүйенің көмегімен 1 716 өтінім операторлардың қатысуынсыз автоматты түрде өңделсе, операторлар 6 646 қоңырауға жауап берді.
— Республикалық жолдарға қатысты ең көп хабарламалар Ақмола, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан келіп түсті. Барлық өтінімдер регламентке сәйкес уақтылы орындалды. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы пайдаланушыларға бірнеше байланыс арналарын ұсынады: 1403 байланыс орталығы; www.qaj.kz ресми интернет-ресурсы; Telegram бот (@qazavtojolbot, @CallCenterQaj_bot) және WhatsApp мессенджері (+7 775 001 1403), — делінген компания таратқан ақпаратта.
Бұған дейін «ҚазАвтоЖол» 2025 жылы жөндеуден өтетін республикалық жолдарды атады.