Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері Атбасар ауданының жұртшылығымен кездесті
жергілікті тұрғындармен кездесті, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы аясында ой бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бірлестік төрағасы аудан активі алдында сөз сөйлеп, Елбасының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының негізгі бағыттарын тарқатып, ондағы әлеуметтік басымдықтар, бюджеттік сала қызметкерлерінің айлық жалақыларының 25 пайызға сәуір айынан бастап өсетіндігі, ертеңгі болашағымыз - жастарды білімді де білікті етіп тәрбиелеу жөнінде әңгіме өрбітті. Басқосу барысында тұрғындар сауалдарына жауап беріп, маңызды құжат турасында түсінік берді.
Топ мүшелері аудан орталығындағы 3-ші орта мектеп, 9-шы кәсіптік лицей, аудандық аурухана ұжымымен, қоғамдық ұйымдар өкілдерімен кездесіп, Жолдау турасында пікір алмасты.
Бүгін Ахметжан Бакримұлы бастаған ақпараттық-насихат топ өңірдің Новосельский, Макеевка, Покровка, Сочинское селолық округтерінде болып, жұртшылықпен жүздесетін болады.