Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі А.Беков Қазталов ауданында болды
Қазталов ауданында болды.
А.Беков аудан тұрғындары алдында Елбасы Жолдауының басты бағыттарына тоқталып, негізгі міндеттерді айтып өтті. Кездесуге сондай-ақ республикалық «Қазавтожол» кәсіпорны директорының орынбасары Алматай Жүнісов және өңірдегі осы салаға қатысты мекеме басшылары да қатысты.
Жиында сөз алған «Нұр Отан» ХДП аудандық ұйымы төрағасының орынбасары Марат Тоясов, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Уәлиолла Әбішев, аудандық жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Алтынбек Бекболатов, аудандық аурухананың директоры Қайырбай Алтаев, аудандық қаржы және экономика бөлімінің бастығы Тауфиқ Мұқанов өз сөздерінде Елбасы жолдауының халық арасында қолдау тауып отырғанын айта келіп, аудан аумағындағы жолдарды, көпірлерді жөндеу және Чапаев-Жәнібек бағытында қатқыл табанды жолдың салынуы туралы пікірлерін ортаға салды.
Тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап та қайтарылды.