«Төртінші – Қазақстан халқы Ассамбелясын одан ары дамыту. Ассамблеяның қоғамдық құрылымдары ауқымды этносаралық коммуникацияға жол ашуы керек. Республикалық аналар кеңесінің құрылуы осы бағыттағы маңызды қадам», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
ҚР Президентінің атап өтуінше, кеңес еліміздегі бірлік пен татулыққа негіз болып отырған құндылықтарды жастардың санасына сіңіруге атсалысады.
«Халқымызда «Отан - отбасынан басталады» деген аталы сөз бар. Ұрпаққа отбасында дұрыс тәрбие беру керек. Бұл айрықша маңызды міндет. Сондықтан Республикалық аналар кеңесіне жан-жақты қолдау көрсету қажет»,- деді Мемлекет басшысы.