Ведомствоның мәліметінше, шара кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Республикалық автожарысқа қатысушылар Макинск қаласындағы ескерткіш скверде шейіт болған интернациналист – жауынгерлердің аруағына тағызым етіп, бір минут үнсіздік жариялады және гүл дестелерін қойды.
«Сол жылдары Бұланды ауданынан 50 бозбала кеңес әскері қатарына алынған. Оның төртеуі Ауғанстан демократиялық республикасы аумағында әскери міндетін орындау кезінде көз жұмды» дейді ведомстводан.