Республикалық бюджет комиссияның отырысында ҚР-ның 2011-2015 жылдарға арналған Әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы қаралды
10:14, 13 Шілде 2010
АСТАНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың басшылығымен Республикалық бюджет комиссиясының он бірінші отырысы болды,
деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
Республикалық бюджет комиссиясының отырысында 2011-2015 жылдарға арналған Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен 2011-2013 жылдарға арналған бюджет параметрлері қаралды
Келесі жолғы отырыста Республикалық бюджет комиссиясы мемлекеттік органдардың бюджетті арыздарын қарауға кіріседі.