«Республикалық бюджет шығыстары 2023 жылғы 21,0 трлн теңгеден 2025 жылы 22,6 трлн теңгеге дейін біртіндеп ұлғаюымен болжануда. Жалпы ішкі өнімге қатысты олардың 2023 жылы 17,4 пайыздан 2024-2025 жылдары 16 пайызға дейін төмендеуі болжанады», - деді Әлібек Қуантыров.
Оның атап өтуінше, контрциклдық бюджет қағидасын қолдану республикалық бюджет шығыстарының өсу қарқынын жоспарлы кезеңде жалпы ішкі өнімге қатысты 16,4 пайыз деңгейінде тұрақтандыруды қамтамасыз етеді.
«Осы шығыстар лимиті аясында стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысын біртіндеп күшейте отырып, шығыстарды әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарына шоғырландыру қамтамасыз етіледі. Бюджет параметрлерінің шынайылығын күшейту бойынша қабылданатын іс-шараларды ескере отырып, бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге қатысты 2023 жылы 2,7 пайыз деңгейінде, одан әрі 2024-2025 жылдары тиісінше 2,6 және 2,5 пайызға дейін төмендете отырып айқындау ұсынылады. Мұнайға қатысты емес тапшылық жалпы ішкі өнімге қатысты 2023 жылы 6,8 пайыздан 2025 жылы 5,3 пайызға дейін төмендеуі болжанады. Бұл Ұлттық даму жоспарының мәніне сәйкес келеді», - деді министр.