Айта кетейік, Парламент Мәжілісінде «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңы жобасы қаралып жатыр.
«Заң жобасы елдің 2027 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленді. 2023 жылға арналған түсімдер биылғы жоспарға қарағанда 2 трлн теңгеге ұлғайып, 17,8 трлн теңге болады. Республикалық бюджетке түсетін мұнай түсімдерінің үлесі біртіндеп азаятын болады. Атап айтқанда, келесі жылы Ұлттық қордан берілетін кепілдендірілген трансферт 1,8 есеге азайып, 2,2 трлн теңге мөлшерінде тартылады. Нысаналы трансферт келесі жылы 1 трлн теңге мөлшерінде айқындалған. Бұл негізі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға байланысты», - деді Е. Біржанов.
Мұнай емес түсімдердің үлесі 2022 жылғы 59,8%-тен 2025 жылға қарай 78,2%-ке дейін өсу деп көзделген.
«Мұнай емес сектордан түсетін кірістер көлемінің ұлғаюы біртіндеп экономика диверсификациясының жақсаруымен және меншік табыс көзінің нығаюымен байланысты», - деді Е. Біржанов.