Республикалық бюджетке түсетін салықтың 29,2 пайызы Алматының үлесінде - қала әкімі

АЛМАТЫ. 25 маусым. ҚазАқпарат - Соңғы 2 жылда Алматыда салықтық түсімдер 60 пайызға өсті. Оны қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін құттықтаған кезде айтты.

«Республикалық бюджетке түсетін салықтық түсімдердің 29,2 пайызы Алматының үлесінде. Бізден кейін 12 пайызбен Атырау облысы және  10 пайызбен Астана қаласы келе жатыр. Ағымдағы жыл 5 айда инвестиция 109 пайыз, өнеркәсіп 114 пайызға өсті», - деді А.Есімов. Оның айтуынша, ағымдағы жылы қала экономикасы қалыпты жағдайда дамуда. Дағдарыстан кейін тек құрылыс саласында ғана өсім төмендеді. Құрылыс жұмыстары мен пайдалануға берілген үй көлемі жыл сайын азайып отырды. Биыл 5 айда 14,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдан 49 пайызға жоғары. Құрылыс жұмыстарының көлемі 9 пайызға өсіп отыр.

 «Қала басшысы ретінде мені бұл көрсеткіш қуантады. Өйткені құрылыс секторы қала экономикасының қозғаушы күштерінің бірі. Сауда, көлік, жүк пен жолаушылар тасымалы және байланыс кірісі тұрақты», - дейді А. Смағұлұлы.