Республикалық диагностикалық орталық дауысын жоғалтқан адамдарды іздестіруде

АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ жұтқыншақтың жарақаты, қалқанша безге операция, сонымен қатар онкологиялық аурулар салдарынан дауысын жоғалтқан адамдарды дауысты қалпына келтіру үшін операция жасау мақсатында іздестіруде.

Бұл туралы «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Оториноларинголог дәрігерлер үшін «Дауыс хирургиясындағы жаңа технологиялар» шеберлік сыныптарын өткізу аясында көмек сұрап келген ауруларға дауысын қалпына келтіру үшін операция жасалады.

Шеберлік сыныбы Астана қаласында 1-5 қазанда Республикалық диагностикалық орталық базасында өтеді. Операцияларды Оңтүстік Кореядан келген лор-хирург Ким Хян Тэ жүргізеді.

Айта кетер жәйт, барлық операциялар тегін жасалады. Шеберлік сыныбын ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай бір операцияны жасау шамамен 3500 долларға түседі.

Қосымша ақпаратты 7 (7172) 701550, 701570, ішкі 2136, 7701-757-54-55, 7702-217-45-07ұялы телефондары арқылы алуға болады.