Республикалық диагностикалық орталыққа жаңа басшысы тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат- Қамалжан Надыров Республикалық диагностикалық орталық басшысы болып тағайындалды.Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Елжан Біртанов «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

«Қамалжан Надыров, Республикалық диагностикалық орталықтың басшысы болып тағайындалуыңызбен құттықтаймын! Ісіңізге сәттілік!

РДО-ға бүкіл елден түрлі аурулармен және диагноздармен пациенттер келеді. Осыған дейінгі мекеме басшыларының жетістіктерін сақтай отыра жаңа нәтижелерге қол жеткізіңіз», - деп жазған Елжан Біртанов жеке парақшасында.