13:18, 19 Маусым 2009
Республикалық диагностикалық орталықта медицина қызметкерлеріне арналған шара өтті
АСТАНА. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін елорданың Республикалық диагностикалық орталығында (РДО) Медицина қызметкерлері күніне орай мерекелік шара өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«РДО» АҚ-ның бас директоры Ақмарал Асатова аталмыш мекеменің ең таңдаулы дәрігерлеріне ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің атынан құрмет грамоталарын тапсырды. Сонымен қатар, осы күні РДО мен қызметкерлер кәсіподағының арасында шарт жасалды.«Біздің орталықтың ашылғанына 1 жыл болды. Биылғы мейрамды мекеме алғаш рет атап өтуде. Бүгінде біздің орталыққа науқастар республиканың түкпір-түкпірінен келіп, емделіп жатады. Біз заманауи құралдармен әртүрлі диагностикалық зерттеулер өткіземіз», - деді «РДО» АҚ Сапа және қауіпсіздік менеджементі бөлімінің бастығы Күләш Жүнісова. Сондай-ақ К.Жүнісованың айтуынша, жыл соңына дейін орталықта Орталық Азия елдерінде алғаш рет ПЭТ (позитронды-эмиссиондық тамография) зерттеуін іске қосу жоспарланып отыр.