Кездесу «EMCAgro» ЖШС және «BioOperations» ЖШС-да өтті. Бұл – аудандағы шикізатты өңдеумен айналысатын ірі өндірістік нысандар. Депутат Д.Колода сайлаушыларды ҚР президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды.
Сондай-ақ РҚШ мүшелері денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен және Тайынша ауданының жұртшылығымен кездесті.
Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада президент сайлауы өтеді.