Республикалық комиссия 321 «Болашақ» стипендиясын тағайындады
«321 адамның 140-ы магистратура бағдарламасы бойынша білім алса, 1-еуі докторантурада оқиды, ал 180-і тағылымдамадан өтеді. Елдер бойынша 138 адам Ұлыбританияға, 64-і АҚШ-қа, 30-ы Оңтүстік Кореяға, 17-сі Нидерландыға, 12-сі Швейцарияға барады. Қалған елдер мыналар: Германия, Израиль, Ирландия, Италия, Канада, Польша, Ресей және тағы басқалар», - деді ол.
Жалпы оның атап өтуінше, стипендияға үміткерлердің қатары 700 адамға жуықтаған. Ал «Болашақ» бағдарламасының стипендиясына ие болғандардың тізімі бүгін кешке дейін bolashak.gov.kz сайтында жарық көретін болады.
Жалпы ағымдағы жылы 1113 адам стипендия иегері атанды. Оның 514-і - магистратурада, 15-і - докторантурада, біреуі аспирантурада білім алады. Сондай-ақ 583 адам тағылымдама алу үшін шетелге аттанған. 2013 жылы «Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі», «Экономика. Қаржы. Бухгалтерлік іс және аудит», «Бағалау», «Педагогикалық диагностика, білім сапасын бағалау және басқару», «Информатика. Ақпараттық технологиялар мен жүйелер. Ақпарат қауіпсіздігі. Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Мемлекеттік саясат. Саясаттану. Мемлекеттік басқару», «Құқық. Халықаралық құқық. Бәсекелестік құқығы» сынды мамандықтар зор сұранысқа ие болған.
Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама іске асырылған кезең ішінде 10 025 стипендия тағайындалды. Түлектер саны 6 мың адамды құрады. Стипендиаттардың қалған бөлігі әлемнің 33 елінде оқуын жалғастыруда немесе тағылымдамадан өтуде.