Республикалық конкурстық комиссия іріктеген 10 магистрантқа Назарбаев стипендиясы тапсырылды

АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев стипендиясы иегерлері - магистранттарын салтанатты түрде құттықтау рәсімі өтті.

Республикалық комиссия Елбасы таңдауына лайықты 10 үздік магистранттардың есімдерін атады.

 «Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың талантты магистранттарға тағайындаған стипендиясы Қазақстан білімі мен ғылымын дамыту, зияткерлік ұлт қалыптастыруда Елбасының қосқан едәуір үлесі болып табылады. ҚР ұлттық ғылым академиясының мүшесі, академик стипендиясын Елбасы жастарды ғылыми қызметке тарту, ғалымдар мен педагогтарды дайындау үшін тағы бір серпін беру үшін тағайындайды.    ҚР БҒМ республикалық конкурстық комиссиясы ғылыми зерттеулердегі жоғары жетістіктері, жетекші журналдардағы ғылыми жарияланымдары, үздік үлгерімі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін ұлттық оқу мекемелерінің 10 000 үміткерінің ішінен 10 үздік магистрантты іріктеп алды»,-делінген Білім және ғылым министрлігінің мәліметтерінде.

Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Назарбаев стипендиясының 10 үміткеріне сертификаттар мен төсбелгілерін салтанатты түрде тапсырды.

 «Елбасының Қазақстанды мықты, гүлденген және жан-жақты дамыған елге айналдырсам деген асыл арманын іске асыратын жастар - сіздер сияқты болуы тиіс. Президент осы миссияны келер ұрпақтың алдындағы зор жауапкершілік деп біледі. Президент стипендиясының иегерлері Елбасының сенімін ақтайды деп  сенемін» - деп атап өтті министр.