Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Асқар Жұмағалиев айтты.
Оның сөзіне қарағанда, басқару құрылымын реформалау бойынша бүгінде заң жобасы дайын көрінеді және бұл құжат барлық құрылымдармен жасалып жатыр. «Осы заң жобасы тұрғысында «Қазавтожол» ұлттық компаниясы мердігер іріктеумен, төлем жинаумен, сондай-ақ темір жол саласына қажетті жобаларды іске асырумен айналысады. Ал сапаны бақылау шаралары қызметі ҚР ККМ Автомобиль жолдары комитетінің құзырында қалады»,-деді министр.
Осы орайда ведомство басшысы аталған реформа Дүниежүзілік банк кеңесшілерімен бірге әзірленгенін, қазіргі кезде FIDIC қағидаларына көшу арқылы аталған реформаны толықтыру қарастырылғанын, осының нәтижесінде мемлекеттік қызметкерлерді 224 адамға дейін қысқарту мүмкін болатындығын жеткізді.
FIDIC - Инженер-консультанттардың халықаралық федерациясы.