Айта кетейік, өткен күндері қатты аязға байланысты бірқатар облыстардың аумағында дизельмен жүретін және қоғамдық көліктердің жолға шығуына шектеу енгізілген болатын. Қазіргі уақытта бұл жолдар ашық.
«Қазақавтожол» РМК-нің хабарлауынша, бүгін түскен кейінгі мәлімет бойынша боранға байланысты Ақтөбе облысы аумағындағы жол учаскесінде ғана көліктің барлық түріне шектеу енгізілген.
Атап айтқанда, «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» жолының 92-257 шақырымындағы Ембі мен Шалқар аралығында автокөліктерге жолға шығуға тыйым салынды.
Естеріңізге сала кетейік, жүргізушілер мен жолаушылар республикалық маңыздағы жолдардағы жағдай бойынша «Қазақавтожол» РМК-ның 7 7172 444 777; 7 771 7444 777 телефон нөмірлері арқылы біле алады.
Мұнымен қоса, жолдардағы көлік қозғалысына енгізілген шектеулерді мына сілтемемен қарау мүмкіндігі бар.