«Ақылы жол жүйесін енгізу және қызмет көрсету» жобасы бойынша тоқталсақ, жоба аясында республикалық маңызы бар 11 мың шақырым автомобиль жолдарында ақылы жол жүйесін енгізу көзделген. Қазіргі уақытта 2 сатылы конкурс жариялау үшін техникалық тапсырма әзірлеудеміз. Мамыр-қараша айлары аралығында конкурстық рәсімдер өткізілетін болады, шарт жасасу желтоқсан айына жоспарланған», - деді министр.
Бұдан бөлек Р. Скляр «Алматы стансасын айналып өтетін 73,2 шақырымдық теміржол желісінің құрылысы» жобасына тоқталды. Бүгінгі таңда байқаудың бірінші кезеңінің қорытындысы шығарылды. Біліктілік іріктеуінен 2 Қазақстан-Қытай бірлескен консорциумы өтті. Қазіргі уақытта жеке серіктесті анықтау үшін байқаудың екінші кезеңін өткізуге конкурстық құжаттамаларды әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Келісімшартқа қол қою биыл қараша айына жоспарланған. Құрылыс жұмыстары 2020-2022 жылдар аралығында жүргізілетін болады.