Республикалық маңызы бар автожолдарда 58 қауіпті авариялық учаскелер анықталды

АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат - 2013 жылдың 6 ай уақыт аралығында республикалық автожолдарда 1151 жол-көлік оқиғасы болды, оның ішінде 463 адам қайтыс болған және 1843 адам жарақат алды. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.

Алдыңғы жылдың осы уақыт аралығындағы көрсеткішімен салыстырғанда жол-көлік оқиғасы 184-ке немесе 19 %-ға артты. Соның ішінде 58 қауіпті-авариялық учаскілер анықталды. Қауіпті-авариялық учаскелерге ағымдағы жыл аралығында бір шақырымда екі жол-көлік оқиғасынан асқан жерлер жатады. ЖКО көп мөлшерде Оңтүстік Қазақстан облысында 58 рет (11 қайтыс болған және 114 жарақат алған адам саны), Алматы облысында 44 рет (14 қайтыс болған және 51 жарақат алған адам саны) кездесті. Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында қауіпті авариялық учаскелер тіркелмеген.

2012 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда қауіпті-авариялық учаскелер 38 бірлікке көбейген.

Негізгі жол-көлік оқиғасының себептеріне қарама-қарсы жол қозғалысына шығу, жылдамдықты үдету, рульге ие бола алмай қалу жатады.