Кешенді бағдарлама аясында республика бойынша көлемі 936 987 шаршы метр шұңқырлар, 332 882 шаршы метр жоталы қырлар тегістеліп, 13 348 шақырым жолға белгілер салынды. Кешенді жұмыс республикамыздың барлық облыстарында жүргізілгенін атап өткен жөн. Кешенді бағдарлама аясында автомобиль жолдарын қыста күтіп ұстауға, шұғыл жағдай мен ауа-райы қолайсыздығы кезінде жол қозғалысына қатысушыларға арналған жылыту пункттерін әзірлеу жұмыстарымен қатар, техника, көмір және отын сақтауға арналған өндіріс кешендері жөнделіп, көктайғаққа қарсы материалдар, қардан қорғайтын қалқандар мен көмір қорлары даярланды, деп жазады министрліктің ресми сайты.
16:04, 10 Шілде 2014
Республикалық маңызы бар жолдарды қыста күтіп ұстауға 818 техника әзірленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету және жол құрылымдарын қалпына келтіру үшін арнайы бағдарлама аясында екі айлық кешенді жұмыстар өткізілді, деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.