Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығында тамыр нейрохиругиясы сырқаты бойынша 300-інші науқасқа ота жасалды

АСТАНА. 28 қазан. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығында тамыр нейрохиругиясы сырқаты бойынша 300-інші науқасқа ота жасалды.

Бұл туралы «Ұлттық медициналық холдингі» АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Жуырда тамыр нейрохирургиясы бөлімшесінің мамандары артериовенозды мальформация - бас миы тамыр жүйесінің дамуының туа біткен паталогиясы диагнозымен 300-інші науқасқа операция жасады. Осындай алғашқы ота Орталықта үш жыл бұрын жасалды.

Тамыр және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ербол Махамбетовтың айтуынша, жыл сайын бөлімшеде 300-ге жуық науқас емдеуден өтеді. Оларға микрохиругиялық және эндоваскулярлық операциялар жасалады.

«Тек өткен жылдың өзінде бөлімшемізде бас миы тамырларының зақымдануы диагнозымен 135 эндоваскулярлық ота жасалды. Тамыр паталогияларынан бөлек біз, сондай-ақ микроваскулярлық декомпрессия әдісімен тригиминалды невралгияны емдейміз, микрохирургиялық операциялардың көмегімен артериалды аневризманың тілінуін, артериовенозды мальформацияның тілінуін емдеп, ісіктерді аламыз. Ал биыл радиожиілікті термодеструкция әдісін қолдана бастадық», - деп атап өтті ол.

Онымен бірге, Орталықта алдағы уақытта орталық нерв жүйесінің түрлі функционалдық бұзылуларын емдеу көзделіп отыр. Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығының алдағы жоспарында сондай-ақ, эпилепсияны хирургиялық емдеу тәсілдерін енгізу бар.

Еске салайық, Ұлттық медициналық холдингтің құрамына кіретін Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы жоғары технологиялық нейрохирургиялық көмек көрсету бойынша Қазақстан Республикасындағы жетекші ғылыми, әдістемелік және үйлестіруші орталық болып табылады. Мұнда орталық және перифериялық нерв жүйесі сырқаттарына шалдыққан науқастарға ем-домның толық түрі көрсетіледі.