«12 сәуір күні 2 миллион теңге көлеміндегі кезекті параны алу барысында «Республикалық санитариялық авиация орталығы» ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары Шалғынбаев М. ұсталды», - делінген хабарламада.
Ол пациенттерді тасымалдауға арналған арнайы мамандандырылған әуе көлігімен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету келісімшарттарын бекіткені үшін жеке әуе компанияларының басшыларынан жүйелі негізде пара алып отыратын қылмыстық схема ұйымдастырған. Алынатын пара көлемі келісімшарт сомасының 10% құраған.
Шалғынбаев М. «Sky Service» ЖШС, «East Wing» АҚ және өзге де әуе компанияларының басшыларынан бірнеше рет 130 мың АҚШ долларынан астам пара алған.
ҚР ҚК 128-бабы бойынша Шалғынбаев ұсталды және Астана қаласы ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда.