Сұхбаттың бір эпизодында Президент 1986 жылдың желтоқсанында КСРО Коммунистік партиясының XXVI съезіндегі сөзіне қатысты оқиғаны айтып берген.
Сұхбатының тағы бір үзіндісінен көріп отырғанымыздай, Н.Назарбаев қазақтың салт-дәстүрі мен исламның біте-қайнасқанын айтқан. «Қазақстанның мұсылмандық діни-нанымы - сабырлы әрі толерантты. Сүннит - байсалды дін, тіпті, зайырлы дін деуге болады. Біздің өз салт-дәстүріміз бар. Қазақтар ата-баба аруағына сыйынып жатады. Бірақ, Құран Кәрімде Аллаға ғана табыну туралы айтылған. Бірақ, біз жеті атамызды танып, солардың аруағына құран бағыштап жатамыз. Бұның ешқандай әбестігі жоқ деп ойлаймын», - деген Мемлекет басшысы.
Жаңа деректі фильмде Мемлекет басшысы сондай-ақ халықтың ел басшылығына деген көзқарасы жайлы, қазақ халқының басшы болуды «жақсы көретіні» жайлы әңгіме қозғаған.