Мердігер ұйым жол жабының жоғарғы қабатын орнату жұмыстарын жүргізеді.
Балама жол ретінде Ы. Алтынсарин ауылы арқылы өтетін жолды (96 разъезд) қолдануға болады.
Сонымен қатар қалаішілік жолдар арқылы қатынауға болады: С.Мұқанов (мамандандырылған ХҚКО) - Баршын көшесі – Н.Тілендиев көшесі – Көктал көшесі – М. Дулатов көшесі - А. Герцен көшесі – Малахов көшесі – Сусамыр көшесі-30 – шы көше-Өндіріс көшесі.
«Жүргізушілерден жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарап, маршрутты алдын-ала жоспарлауды сұраймыз»,-делінген хабарламада.