деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Іс-шара аясында Республикалық ұлан қолбасшылығы мен №0112 әскери бөлімінің 500-ден астам офицерлері мен сарбаздары Астана қаласының сол жағалауынан оң жағалауға дейін 6 шақырымнан астам жолды жүгіріп өтті. Ұлы Жеңіс мерекесіне орайластырылған спорттық шара Мемлекеттік ту монументінен басталып, Есіл өзені, Тәшенов және Манас көшелерінің бойымен жалғасты. Жүгіріс кезінде сарбаздар Қазақстанның көк Туын жоғары ұстап, әскери-патриоттық әндер айтты. Ал Отан қорғаушылар монументініне жеткеннен кейін, олар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырлардың рухына тағзым етті.