Сайлау нәтижесі бойынша, Вашингтондағы басымдық өзгеруі мүмкін. Республикалық партия қайта сайлау өтіп жатқан үш орынға сенаттан қосымша алты орын алуды көздеуде.
Мәселе оңынан шешілген жағдайда, республикалықтар Конгрестің екі палатасы - Өкілдер палатасы және Сенатта да көпшілік дауысқа ие болады.
«Бұл Ақ үйде президент Барак Обаманың аяқталып қалған мерзімінің екінші жартысында оның жағдайын қиындатып жібереді. Оның ішкі және сыртқы саясатта өз бастамаларына қол жеткізуі оңайға соқпауы мүмкін», - дейді ВВС.
Би-би-сидің солтүстік америкалық редакторының айтуынша, көптеген америкалықтар саясатқа, оның ішінде президент Обамаға көңілдері толмайтын сыңайлы. Ол сайлаушылардың әрекетінен байқалуда. Өкілдер палатасы толық құрамда қайта сайланады.
Айта кету керек, АҚШ-та 36 штатта губернаторлар сайлауы өтіп жатыр