Республиканың 7 облысында астық түсімі орташа есеппен гектарына 15,6 центнерді құрауда

ТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - Республиканың 7 облысындағы астық түсімі орташа есеппен гектарына 15,6 центнерді құрауда,

деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер 12 тамызға дейін 739,7 мың гектар жердің астығын жинады. Бұл аталған облыстардың егістік аудандарының 29,4 пайызын құрайды. Жалпы көрсетілген облыстарда 1155,7 мың тонна астық бастырылса, өнімділік орта есеппен гектарына 15,6 центнерден айналуда», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында астық жинау науқаны жүріп жатыр.