Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Шығыс Қазақстан облысының Зырянов қаласында жекеменшік үйден өрт шықты. Оқиға орнынан жасы егде тартқан ер адамның мәйіті табылды.
Солтүстік Қазақстан облысының Архангельское ауылында өрт орнынан ер адам мен әйел адамның денелері табылды.
Павлодар қаласында бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатында өрт оқиғасы орын алды. Газ иісіне уланған әйел адам ауруханаға жатқызылды.