деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидромет мәліметтеріне сілтеме жасап.
Алматы облысының солтүстік шығысында 35 градусқа дейін күшті аяз сақталады, ал Жалаңашкөл ауданында жел екіпіні секундына 30 метрден асады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 45 градусқа дейін күшті аяз сақталады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерін тұман басып, күндіз жылдамдығы секундына 18 метрге жететін жел соғады. Маңғыстау, Павлодар облысының кей жерлерін тұман басатындығы болжануда. Сондай-ақ Қызылорда облысының жекелеген аудандарында шаң борап, жел жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді.