Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды.
Қарағанды, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында, күндіз Жамбыл, Қостанай облыстарында кей жерлерде желдің 15-22 м/с-қа күшеюі күтілуде, Батыс Қазақстан облысында - шаң көтеріліп, дауыл тұрады, күндіз Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде.
Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде қатты ыстық болады.
Республиканың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында кей жерлерде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.