Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде боран болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, таңертең және күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, боран болады. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында да 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, түнде Қарағанды, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде өте қатты аяз болады деп күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты аяз болады, сондай-ақ қиыр солтүстікте де аяз күшейеді. Жамбыл мен Қарағанды облыстарының кей жерлерінде де қатты аяз болады деп болжануда.