Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с-ға жетеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы 30 м/с-ға дейін күшейеді. Жамбыл, Қызылорда облыстарында көктайғақ күтіледі.
Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, түнде Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, түнде Атырау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Атырау облысында көктайғақ болады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.