Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, Жалаңашкөл ауданында ұйтқуы 25 м/с-қа дейін жетеді. Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, түнде кей аудандарда желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Қызылорда облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, түнде кей аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болуы күтіледі. Қостанай облысында кей жерлерде жел 18 м/с-қа дейін күшейіп, бұрқасындатады, түнде және таңертең кей аудандарда тұман түседі. Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір аудандарында желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетіп, бұрқасындатады. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қарағанды облысының кейбір аудандарында көктайғақ болады, түнде және таңертең тұман түседі. Павлодар облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Маңғыстау , Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кейбір аудандарында тұман түсуі күтіледі. Таяудағы кездері, 8-11 наурыз күндері Оңтүстік Қазақстан облысының аласа тау өзендерінде жаңбыр жаууына байланысты су деңгейі көтеріліп, су тасқыны қалыптасуы мүмкін. Жамбыл және Алматы облыстарының кейбір аласа тау өзендерінде су деңгейінің көтерілуі байқалады. Қазақстанның қалған су нысандарында елеулі өзгерістер күтілмейді. Бұдан бұрын хабарланғанындай, 8-9 наурыз күндері Оңтүстік Қазақстан облысының аласа таулы өзендерінде және Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында күшті жауын-шашынның әсерінен су тасқыны қалыптасып, таулы беткейлерден аққан су жайылып, су басуы мүмкін.
02:33, 08 Наурыз 2014
Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынды болып, жел күшейеді, бұрқасын көтеріліп, тұман түсуі, көктайғақ болуы күтіледі - 8 наурыздағы ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның батыс облыстарында антициклон ықпалымен күн ашық болады. Республиканың қалған аумағында атмосфералық ағындар өтуімен кей жерлерде жауын-шашын болып, жел күшейеді, кейбір аудандарда бұрқасын болып, тұман түсуі, көктайғақ болуы күтіледі, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі «Қазгидрометке» сілтее жасап.