Республиканың батысы мен шығысында өткінші жаңбыр сақталады, найзағай ойнап, жел көтеріледі

АСТАНА. 23 шілде. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты Қазақстанның батысы мен шығысының жекелеген жерлерінде өткінші жаңбырлар сақталады, найзағай ойнап, жел күшейеді.

Ал республиканың солтүстігі мен оңтүстігінде күн райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасай отырып, ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Маңғыстау, Атырау облыстарында құмды дауыл тұрады.

Ақмола, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Павлодар, Қарағанды, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстықтар сақталады.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, сондай-ақ Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аумақтарында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады. 

Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің ауытқушылығы байқалады.