Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және күндіз Қостанай облыстарының жекелеген өңірлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде.
Қарағанды, күндіз және түнде Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Түнде Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде күшті аяз сақталады.
Маңғыстау облысында күшті аяз сақталады, жекелеген жерлерде өте қатты аяз болады.
Алдағы тәулікте Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы өзендердің денінде мұз қату процестеріне байланысты су деңгейлерінің ауытқуы байқалады. Жекелеген өзендерде су деңгейінің кенеттен көтерілуінен су басу жағдайлары болуы ықтимал. 8-9 ақпанда Шардара су қоймасына секундына 1300 текше метр су келеді деп күтілуде.