Спикер болып хабар беру және халықты оқыту бөлімінің бастығы Иманқұлов Руслан сөз сөйледі. Бұл туралы ҚР ІІМ Ьөтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен хабарладыү
Республиканың су тасқыны қауіпті өңірлерінде алдын алу шараларын және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жалғасуда.
Ақмола облысында су айдындарындағы су деңгейіне тәулік бойы мониторинг жүргізіледі. Целиноград ауданының Қосшы аулында Нұра өзенінің бойымен бөгенді нығайту жұмысы жалғасуда. Қазіргі уақытта 3 100 астам құм салынған қап төселді. Қосымша 1 100 тонна инертті материал жеткізілді.
Тайтөбе, Қызыл Жар, Талапкер, Қаражар ауылдарында су сору жұмыстары жалғасуда. Ағанас аулына азық-түлік жеткізу ұйымдастырылды, онда 21 тұрғын үйді су басқан. Жол қатынасын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда, 240 тонна инертті материал жеткізілді.
Қазіргі уақытта Р. Қошқарбаев аулына баратын автожолдың 500 шақырым жол төсемі қалпына келтірілді. Ақмол аулындағы тұрғын үйлер бойын үю жұмыстары аяқталды.
Жаңажол және Отаутүскен ауылдарынан алдын ала 91 тұрғын эвакуацияланды. Жер-жерде үю жұмыстары жүргізілуде, су деңгейіне тәулік бойы бақылау жүргізу тоқтатылған жоқ.
Астрахан ауданының Старый Колутон аулының тұрғындары ықтимал су басу қатері туралы құлақтандырылды. Ықтимал су басу аймағында орналасқан тұрғын үйлерді аралау жүргізілді. Ауылда ІІМ ТЖ комитетінің құтқару бөлімшелері және жергілікті атқарушы органдар тәулік бойы кезекшілікте.
Құтқару бөлімшелері Атбасар қаласында да тәулік бойы кезекшілікте, онда үйлерден және аула маңындағы аумақтардан су сору жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Соңғы деректер бойынша 2 үйдің жертөлесіне су жиналған.
Қарағанды облысында Абай ауданының Қарақоға аулының 18 тұрғыны өз үйлеріне қайтып оралды. 11 адам эвакуацияда. Сонымен қатар Абай ауданының Огороды аулының және Бұқар жырау ауданының Ғ. Мұстафин атындағы, Тассуат, Көбетей, Майоровка ауылдарының 672 тұрғыны эвакуацияда.
Ғ. Мұстафин атындағы ауылда 124 тұрғын үйден су шығарылды, аулаларды тазалау және су басқан үйлерден мүлікті эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.
Садовое және Ынтымақ ауылдарындағы үйлерден су толық кетті.
Құтқару бөлімшелері Балықтыкөл елді мекеніне азық-түлік және гуманитарлық көмек өткел арқылы жіберіліп жатыр. Сонымен қатар құтқарушылар Қарой аулына қайықтармен адамдарды және гуманитарлық көмек жіберуде.
Құланөтпес, Соналы және Жанбөбек ауылдарына гуманитарлық көмек жіберу үшін МИ-8 тікұшағы тартылған.
Майоровка аулында су деңгейінің төмендеуі байқалады, ондағы 131 тұрғын үйлеріне оралды.
Ақтоғай ауданының Қарасу кентінде 7 үй жартылай қирады.
Жер-жерде суды сорып алу, патрульдеу, су деңгейін бақылау, қорғаныш біліктерін тұрғызу жұмыстары жүргізілуде.
Шығыс Қазақстан облысында Көлбала өзенінің маңында тұратын Ұлан ауданының Бестерек аулының 17 тұрғыны алын ала эвакуацияланды. 65 бас мал қауіпсіз жерге айдалды. ІІМ бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың және тартылған ұйымдардың тәулік бойы кезекшілігі қойылды.
Павлодар облысының Баянауыл және Екібастұз өңірлерінде автиомобиль жолдарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. «Қазақавтожол» РМК күшімен Қараши және Теңдік ауылдарында 120 шақырым жол төсемі қалпына келітрілді.
Солтүстік Қазақстан облысында Сілеті өзенінің арнасында тасқын сулардың өтуіне мониторинг жалғасуда, бақылау бекеттері орнатылған. Қулыкөл және Қаратал ауылдарында айдалған 722 мал қайтарылды.
Аққайың және Темирязев аудандарында Қиялы және Степное ауылдарынан су сору және су бұратын каналдарды құру жұмыстары жалғасуда.
Қазіргі уақытта еліміздің бес облысында 2 142 үйден су кетті, 276 үй су астында қалып отыр.
16 154 эвакуацияланғандардан 10 017 адам өз үйлеріне қайтып оралды, 1623 адам эвакуациялау пункттерінде қалып отыр.
Автомобиль жолдарының 140 зақымдалған учаскесінің 63-і қалпына келтірілді. Тасқын судан 9 көпір қирады.
Соңғы деректерге сәйкес 22 028 метр уақытша бөген тұрғызылды, 3 211 метр бөгет қалпына келтірілді, 92 512 қапқа құм салынып төселді, 289 759 куб.м су сорылды.
Су тасқынына қарсы іс-шараларға 6 308 адам, 1 691 бірлік техника, 112 су соратын құрылғы, 107 жүзу құралы қатыстырылды.