Республиканың бес өңірінде жол қозғалысына шектеу қойылды

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Республиканың 5 облысында қолайсыз ауа-райына байланысты жол қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінен.

Ақмола облысында қолайсыз ауа райына (қар, боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты:

"Астана-Петропавл" 18-232 шақырымы, Астана қ. - Щучинск қ. аралығы;

"Екатеринбург-Алматы" 856-1247 шақырымы, Солтүстік Қазақстан обл.шекара - Астана қ. аралығы;

"Көкшетау-Омбы" а/ж 2-50 шақырымы аралығында;

"Көкшетау қ. айналымы" а/ж 0-18 шақырымы аралығында;

"Астана-Петропавл" а/ж 280-293 шақырымы, 17 бөлім-Көкшетау қ.; 304-341 шақырымы, Көкшетау қ.- Солтүстік Қазақстан обл. шекарасы аралықтары;

"Астана-Петропавл" а/ж 232-280 шақырымы, Щучинск-Көкшетау қ. аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Қолайсыз ауа райына (қар, боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты қоғамдық және жүк автокөліктері түрлері үшін бүгін сағат 11.00-ден бастап "Екатеринбург-Алматы" а/ж 1280-1353 шақырымы, Астана қ-Қарағанды обл.шекара аралығында жол қозғалысына шектеу қойылды:

Ақтөбе облысында қолайсыз ауа райына (боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты:

Бүгін сағат 09.00-ден бастап (Астана уақыты) "Қарабұтақ-Комсомольск-Қостанай обл.шекара" а/ж 89-231 шақырымы, Комсомольск-Қостанай обл.шекара аралығында

Сағат 12.30-дан бастап (Астана уақыты) "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" а/ж 92-257 шақырымы, Ембі-Шалқар аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды:

Қарағанды облысында қолайсыз ауа райына (боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін бүгін сағат 12.15-тен бастап "Екатеринбург-Алматы" а/ж 1353-1369 шақырымы, Ақмола обл.шекара-Оскаровка аралығында жол қозғалысына шектеу қойылды.

Қостанай облысында бүгін сағат 09.00-ден бастап қолайсыз ауа райына (боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін ("Қостанай-Рудный" 5-45 шақырымы аралығынан басқа) облыс бойынша барлық бағыттарда жол қозғалысына шектеу қойылды.

Павлодар облысында "Астана-Ерейментау-Шідерті" а/ж 205-259 шақырымы, Ақмола обл.шекара-Шідерті аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу алынды.

Солтүстік Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына (қар, боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты:

"Астана-Петропавл" 341-473 шақырымы, Ақмола обл.шекара-Петропавл аралығы;

"Екатеринбург-Алматы" 856-727 шақырымы, Қостанай обл.шекара-Ақмола обл.шекара аралығы;

"Көкшетау-Рузаевка" а/ж 61-196 шақырымы, Ақмола обл.шекара-Рузаевка аралығында;

"Көкшетау-Омбы" а/ж 50-280 шақырымы, Ақмола обл.шекара-РФ.шекара аралығында;

"Жезқазған-Петропавл" а/ж 595-954 шақырымы, Ақмола обл.шекара-Петропавл аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды..

Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.

«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.