деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сейсенбі күні Қазақстанның бірқатар аймағы атмосфералық ағым аймағында болады. Республиканың оңтүстік-шығыс, шығыс және орталық аудандарындағы ауа райына жоғары атмосфералық қысым аз грандиентті аумағының әсері сақталады», - деп атап өтті баспасөз қызметі.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады деп күтілуде.
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында - кей жерлерде тұман, көктайғақ, ал Қостанай және Солтүстік Қазақстанда - кей жерлерде көктайғақ болады.